Интерпол арқылы халықаралық іздеу жарияланған адам Қазақстанға экстрадицияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Интерпол арқылы халықаралық іздеу жарияланған адам Қазақстанға экстрадицияланды

Интерпол арқылы халықаралық іздеу жарияланған адам Қазақстанға экстрадицияланды

2005 жылы Алматыда кісі өлтіргені үшін Интерпол арқылы халықаралық іздеу жарияланған Имин Михаэли Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды.

  • 5 Қараша 2014
  • 561
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы сәрсенбі күні еліміздің Бас прокуратурасы хабарлады.
«Бүгін, 5-қарашада 2005 жылы Алматыда Ә.Әбдібаев деген азаматты өлтіргені үшін халықаралық іздеуде жүрген Михаэли Имин Рафикович Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл ГФР мен Қазақстан республикасы арасындағы қылмыстық-құқықтық саладағы ынтымақтастық тарихында тұңғыш рет болып отырған жағдай», — делінген хабарламада.
Баспасөз мәлімдемесіне қарағанда, И.Михаэли Германия аумағында 2014 жылдың қаңтарында қолға түскен. Содан соң Бас прокуратура ГФР Әділет министрлігіне қылмыскерді беру туралы өтініш жолдаған болатын.
И.Михаэли Франкфурт-на-Майнеден Астанаға жеткізіліп, тергеу изоляторына тоғытылды.