Жарияланды: 520

IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,23 процентке қымбаттаса , NYMEX шикізат биржасында 1,22 процентке арзандады

17-маусымдағы сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,23 процентке қымбаттаса , NYMEX шикізат биржасында 1,22 процентке арзандады ,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

Сәрсенбі күні Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының шілделік фьючерсінің бағамы әр барреліне 26,70 долларға дейін көтерілді. Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының шілделік фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 30 доллар 80 центке дейін арзандады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть