iPhone 6-ның таныстырылымы болатын күн белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
iPhone 6-ның таныстырылымы болатын күн белгіленді

iPhone 6-ның таныстырылымы болатын күн белгіленді

Америкалық Apple компаниясының жаңа iPhone 6 смартфонын таныстыру баспасөз конференциясы 9 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы «алма» өнімдері жайлы сенімді ақпаратты дәстүрлі түрде жеткізуші  Recode сайты хабарлады, деп жазады ИТАР-ТАСС.

  • 6 Тамыз 2014
  • 524
Фото - Caravan.kz

Осыған дейін сайт смартфонның 16 қыркүйек күні таныстырылатынын және сатылымға 14 қазанда шығатынын мәлімдеген болатын. Дерек көздері әзірге Apple-дың қыркүйек айында аппараттың бірден екі нұсқасын — 4,7 және 5,5 дюйм экранды нұсқаларын таныстырады деген ақпаратты таратпай отыр.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа iPhone-ның 13 мегапиксельді камерасы, екі ядролы А8 процессоры болады және iPhone 6-ның сынбайтын шынымен жабдықталған. Ол жақұт кристаллдарын қодану арқылы жасаған.

Apple компаниясының өкілдері дәстүрлі түрде дайындалып жатқан шараның егжей-тегжейін соңғы секундтарға дейін құпия сақтамақ. Әзірге ешкім корпорацияның нені көрсететінін нақты айта алмайды.