Ипотекалық құрылысқа бөлінген мемлекеттік несиелерді қайтаруда жеңілдіктер қажет - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ипотекалық құрылысқа бөлінген мемлекеттік несиелерді қайтаруда жеңілдіктер қажет - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі

Ипотекалық құрылысқа бөлінген мемлекеттік несиелерді қайтаруда жеңілдіктер қажет - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі

Шымкент. 12-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінің басшылығы мемлекеттің ипотекалық құрылысқа бөлген несиесін қайтару режимін либералдандыру керектігін ұсынып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің кеңейтілген көшпелі отырысында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Елдана Сәдуақасова мәлімдеді.

  • 12 Қараша 2007
  • 580
Фото - Caravan.kz

«Шілде айынан бері халықты ипотекалық бағдарлама бойынша несиелендіру облыста тоқтатылды. Аймақтар пәтерлердің сатылуын және жоспарланған қаражаттың бюджетке келіп түсуін қамтамасыз ете алмауда. Бұл үстіміздегі жылы облыстың республикалық бюджетке қайтаруы тиіс қаражаттың кері қайтуына қауіп төндіріп тұр», — деді Е. Сәдуақасова.

Әкім орынбасары комитет мүшелерін бюджеттік кодекске өзгерістер енгізу туралы аймақтар мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің бастамасын қолдауға және «еліміздің қаржы нарығындағы нашарлап бара жатқан жағдайға байланысты бірден көп несиелердің құрылымын өзгертуге үкіметке рұқсат беруге» шақырды.

Бұрын хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында 2005-2007 жылдары ипотекалық құрылыс бағдарламасы бойынша 256 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуі тиіс. Көрсетілген мерзімде ипотекалық құрылысқа 11 млрд 192 млн теңге бөлінген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті