Иракта содырлар адамдарды тірідей көміп өлтірген - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иракта содырлар адамдарды тірідей көміп өлтірген

Иракта содырлар адамдарды тірідей көміп өлтірген

Иракта содырлар 500-ден астам күрд-езидтерді қырып салған. Олар әйелдер мен балаларды тірідей көмсе, 300 адамды құлдыққа алып кеткен екен

  • 12 Тамыз 2014
  • 303
Фото - Caravan.kz


Ирак басшылығы жүздеген адамның бірге жерленген жерін тапқан. Езидтерге қарсы бағытталған бұл әрекет ел солтүстігіндегі жазғы шабуыл кезінде орын алған көрінеді. АҚШ «қауіпсіз дәліз» жасалды деп хабарлағанымен, тұрғындар содырлардың шабуылынан зардап шегуде. Естеріңізге сала кетсек, содырлар маусым айының басында күшіне мініп, елдің бірнеше аймағына шабуыл жасаған болатын. Оларға ирактық суниттер мен Саддам Хусейн әскерінің сарбаздары және кішігірім лаңкестік топтар қосылды. Осыдан соң бұлар Ирак пен Сирия жерінде «ислам халифатының» құрылғанын жариялады.