Ирактың солтүстігінде түрікмен тілі ресми тіл болып қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ирактың солтүстігінде түрікмен тілі ресми тіл болып қабылданды

Ирактың солтүстігінде түрікмен тілі ресми тіл болып қабылданды

Ирак Күрд аймақтық әкімшілігі парламенті түрікмен тілінің ресми тіл ретінде қолданылуын қабылдады, деп жазады 24.kz.  

  • 5 Қараша 2014
  • 490
Фото - Caravan.kz

Ирак түрікмен майданының депутаты Айдын Маруф аталған заңның маңыздылығына назар аударып: «Осы заңға қарағанда Күрдістан аймағында араб және күрд тілдерімен қоса, енді түрікмен тілі де ресми тіл ретінде мектептерде, мемлекеттік органдарда және соттарда қолданылады. Бұл үшін түрікмен тұрғын саны 20 пайыз болуы керек. Қазір Эрбиль және Сүлейманиенің Кифри ауданы осы шартқа сай. Осындағы түрікмендер үшін маңызды кезең басталды», — деді.

Маруф 1993 жылдан бері түрік тілінің мектептерде білім тілі ретінде қолданылғанын еске салып, түрікмендердің осы тақырыпта жеткілікті инфрақұрылымы бар екенін айтты.


Айта кетейік, Иракта кемінде екі миллион түрікмен өмір сүреді.