Иран «алтылықпен» атом жөнінде ақырғы келісімді бекітуге дайын – Рухани - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иран «алтылықпен» атом жөнінде ақырғы келісімді бекітуге дайын – Рухани

Иран «алтылықпен» атом жөнінде ақырғы келісімді бекітуге дайын – Рухани

Иран халықаралық «алтылықпен» өзінің ядролық досьесі жөніндегі түпкілікті келісімді бекітуге дайын.

  • 16 Маусым 2014
  • 281
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Тегеранда ОАР делегациясымен кездесуде Иран президенті Хасан Рухани мәлім етті.

Сонымен қатар ол Батыс Иранға қатысты экономикалық санкциялардың үшін жояды деп үміттенетінін де жасырмады.

Х.Руханидің айтуынша, қазіргі таңда дамушы мемлекеттердің басты проблемасы терроризм мен экстремизм болып отыр. Мұның бәрі Батыс ұстанған саясаттың нәтижесі, деді ол.

«Батыстың болашақта террористік топтар тарапынан туындайтын үлкен проблемаларға душар болатынына күмән жоқ», — деп мәлімдеді Иран президенті.


Иран Ислам республикасы мен халықаралық «алтылық» арасындағы келіссөздердің кезекті, бесінші раунды дүйсенбі күні Венада басталады.