«Мен Каспий теңізінің мәртебесін реттеу мәселесі бойынша Иран ең қатал позиция ұстанады деген тұжырыммен қосыла алмаймын»,- деді ол. М.Сафаридің айтуынша, «Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияда барлық мәселе жан-жақты қамтылған. Сол себепті теңіздегі ынтымақтастықтың әр қырларын реттейтін келісімдер жобасы сол конвенция негізінде жасалауы тиіс». Каспийді қоршаған Ресей, Иран,Қазақстан, Әзербайжан және Түрікменстан мемлекеттерінің әр қайсысы да өз мүдделері ескерілуі тиіс деп санайтындықтан конвенцияға өз ұсыныстарын қамтып қалуға тырысып отырғаны түсінікті деді М.Сафари. Ирандық өкіл осы орайда, тараптар арасында бірқатар мәселелер бойынша пікір қайшылығы туындап отырғанын атай келіп, оны шешу жолында талай тар жол, тайғақ кешуден өтуге тура келетінін айтып өтті.
Ресми Тегеранның пайымдауынша, Каспий теңізінің байлығы әділетті бөлінуге тиіс. «Иран осы бағытта алға жылжып келеді» ,- деді М.Сафари.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр