Ірі көлемде пара алды деп айыпталған Оспанов изоляторға тоғытылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ірі көлемде пара алды деп айыпталған Оспанов изоляторға тоғытылды

Ірі көлемде пара алды деп айыпталған Оспанов изоляторға тоғытылды

Үкім шыққанша, қамауда болады! Бүгін ірі көлемде парамен ұсталған Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов  уақытша ұстау камерасынан тергеу изоляторына тоғытылды.

  • 5 Шiлде 2014
  • 284
Фото - Caravan.kz


Бұған бұған дейін қаржы полицейлері шенеунікті 200 мың доллар пара алды деген. Енді екі күннен кейін оның 200 емес, 300 мың доллар екені белгілі болды. Агенттік төрағасы бұл соммаға ірі кәсіпорындардың біріне «ақылы қолдау» көрсеткен. Алайда, атқамінердің ақшаны кімнен және қандай жағдайда алғанын тергеушілер әзірге айтпай отыр. Су, жарық, секілді жалпы тарифке жауапты болған Оспанов бұған дейін Павлодар облысы, Семей қаласы әкімінің орынбасары секілді лауазымды қызметтер атқарғанын айта кетейік. Ал Елордаға ауысып, қызметі өскен 47 жастағы шенді Табиғи монополияларды реттеу агенттігін бар болғаны екі жыл басқарды.