"Ішіңіз күйсе тұз жалаңыз": Мақпал Жүнісова Нағима Есқалиеваға қатты ренжіді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.37
  • 532.94
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ішіңіз күйсе тұз жалаңыз": Мақпал Жүнісова Нағима Есқалиеваға қатты ренжіді

"Ішіңіз күйсе тұз жалаңыз": Мақпал Жүнісова Нағима Есқалиеваға қатты ренжіді

Халық әртісі Мақпал Жүнісова үзеңгілес әріптесі Нағима Есқалиеваға қатты ашулы екенін көрестті. 

  • 5 Ақпан
  • 895
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Мақпал ханым желідегі парақшасына Нағима Есқаливаның 70 жас тойындағы видеоны жүктеп, ренішін, өкпе-назын жеткізді. 

"Нағима әпше, ішіңіз күйсе тұз жалап жіберіңіз. Мен өз еліме құрметтімін", деп жазды. 

Тойдағы видеода былай делінген: 

Халық әртісі көп болсын. Көп болған сайын, шығармашылық жарыстар көп болады. Бұл дегенің қызықты емес пе? Эстрададағы әйелдер арасында халық әртісі атанған мен, сен, және Мақпал. Бірақ, біз әрқайсысымыз әртүрліміз, деген Роза Рымбаеваға Нағима Есқалиева түзету енгізіп, "Ол Одақтың әншісі емес" деді. Тосылып қалған Роза Рымбаев: "Ә, ол Одақтық әнші емес пе" деп сөзін жалғады. 

Айтуынша, Нағима Есқалиева Мақпал Жүнісованы кекетіп-мұқататын көрінеді.