Ішкі істер министрлігі: 14 жасқа толмағандарды да соттау керек - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішкі істер министрлігі: 14 жасқа толмағандарды да соттау керек

Ішкі істер министрлігі: 14 жасқа толмағандарды да соттау керек

«14 жасқа толмағандарды да соттау керек!».

  • 11 Ақпан 2019
  • 100
Фото - Caravan.kz

Оқушылар арасында əлімжеттіктің көбеюіне байланысты Ішкі істер министрлігі осындай бастама көтеріп отыр. Осылайша ведомство өкілдері оқушылардың бір-біріне жасаған озбырлығы мен олардың адам шошырлық əрекеттерін бұғаттамақ ниетте. Балалардың қатыгездік танытуына қоғам да алаңдаулы. Жалпы жасөспірімдердің бұзақылық жасап, қылмысқа баруына не себеп? Полиция қызметкерлерінің жасаған мəлімдемесі оқушылар арасындағы əлімжеттікті азайта ала ма?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұзақылық, қанды төбелес, қорлау, тіпті адам өлімі. Соңғы уақытта бесіктен белі шықпаған балалар дəл осындай қылмыстарға баруда. Сорақысы, олар кейде үлкендерден бетер қатыгездік танытып, адам шошырлық əрекеттерді жасайды. Бірақ заң бойынша мұндайларға жаза жеңіл. Содан болса керек, құзырлы органдар бірқатар өзгертулер енгізуді ұсынды. Яғни 14 жасқа толмағандар да жасаған қылмысы үшін жауап тартуы керек,- дейді.

ƏСЕТ ОСПАНОВ, ҚР ІІМ ƏПК ЮВЕНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

«Бізде кейде мұндай жағдайлар болады. Яғни 14 жасқа толмаған жасөспірім адам өлтіріп, бірақ тиісті жазасын алмайды. Өйткені заң бойынша оны түрмеге де қамауға құқымыз жоқ. Ал біз айтқан заң жобасы күшіне енетін болса қылмыскерлер заң алдында жауап береді».

Ғаламторға кірсең болды, оқушылардың əлімжеттік жасап, ойына келгенін істеген видеолары толып тұр. Тілін темекімен күйдіреді, үстіне шығып алып секіреді, одан қалды бар күштерімен бастан тебеді.

Өкініштісі, жасөспірімдер арасындағы ерегестің соңы қайғылы оқиғалармен де аяқталған жағдайлар аз емес.

Мəселен, Ақтөбеде оқушылар арасындағы жанжал пышақтасуға ұласып, бірі ауыр жарақаттан тіл тартпай кетті. Ал Қызылордада 14 жастағы бала көлік тізгіндеп, жаяу жүргіншілер жолағында өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен. 22 жастағы Саида Абдуалиева бірден оқиға орнында көз жұмды. Енді қайғыдан қан жұтып отырған ана қылмыскер жазасыз қала ма деп қорқып отыр. Сорақысы, осыған ұқсас жайттер өте көп.

АҚЕРКЕ ЖАУБАСАРОВА, ҚР ІІМ ҚЫЛМЫСТЫҚ- АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ:


«Қазіргі таңда балалар колониясында 46 ер бала жазасын өтеп жатыр. Олардың басым көпшілігі адам өлтіргені үшін, зорлық-зомбылыққа барғаны үшін жəне адам денсаулығына қасақана ауыр жарақат енгізгені үшін жазасын өтеп жатқан балалар. Негізінен жазасын өтеп жатқандардың көбісі ШҚО, Алматы, Шымкент, Түркістан облыстарынан.»

Осылайша, бұзақылық, қанды төбелес, пышақтасу — балалардың кезекті бір ермегіне айналып бара жатқандай. Мұны дер кезінде тоқтатпасақ соңы үлкен өкінішке алып келуі мүмкін, дейді мамандар.

ЖАҢАГҮЛ ТҰРМАНОВА, ПСИХОЛОГ:

"Бүгінгі күні ата-ана өзінше есеп алған дұрыс. Балам үйге келген кезде мектепте не болды. Сабақ үрдісінде қандай жағдай болды. Демек оның күнделікті өмірінен хабардар болған дұрыс. Демек оған эмоционалдық жақындық керек. Сондықтан бала ата-анасына керек екенін сезінеді да, жаман əрекеттерге бара бермейді."

Қалай десек те, бүгінде түрлі профилактикалық шаралар жүзеге асырылса да, бұл балалардың бұзақылық жасауын əлі тоқтатпай отыр. Тек былтырдың өзінде оқушылардың қатысуымен үш мыңға жуық қылмыс тіркеліпті. Сондықтан 14 жасқа толмағандарға да жаза қолдану керек деген заң жобасы қабылданып жатса да, оның қандай нəтиже беретіні əлі белгісіз. Ол тек уақыт еншісіндегі мəселе, — дейді құзырлы орган қызметкерлер

Соңғы жаңалықтар