Ішкі Істер министрлігі тұрғындардан мас жүргізушілерді ұстап беруді өтінді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішкі Істер министрлігі  тұрғындардан мас жүргізушілерді ұстап беруді өтінді

Ішкі Істер министрлігі тұрғындардан мас жүргізушілерді ұстап беруді өтінді

Тәртіп сақшылары тұрғындардан көмек сұрауда.  Ішкі Істер министрлігінің өкілдері азаматтардан рөлге арақ ішіп отырған жүргізушілерді байқаған бойда дереу тәулік бойы жұмыс істейтін 102 телефонына хабарласуды өтінді. Сөйтіп, жолдағы жүгенсіздермен  бірігіп күресейік деп отыр.

  • 30 Шiлде 2014
  • 207
Фото - Caravan.kz


Күтпеген жерден халықтан жәрдем сұраған полиция ішкіштермен жалғыз арпалысып шаршаған  сияқты. Ішкі Істер министрлігі көлікті мас күйінде айдайтындарды нағыз қылмыскер дейді. Өйткені, жаппай кісі өлімімен аяқталып жатқан апаттың 90 пайызы сондайлардың кесірінен болады. Мәселен, рейдке шыққан Астана полициясының қызметкерлері үш күн  ішінде мыңнан астам мас жүргізушіні ұстады. Түнді айтпағанда күндіз де ұрттап алып жылдамдықты арттыратындар көп болып шықты. Заңға енгізілген өзгеріске сай, енді  олар кемі 800 мың теңге айыппұл төлейді.