Ислам Әбішевке қатысты сот үкімі қашан шығатыны белгісіз - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам Әбішевке қатысты сот үкімі қашан шығатыны белгісіз

Ислам Әбішевке қатысты сот үкімі қашан шығатыны белгісіз

Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған қылмыстық сотында АШМ Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішевке қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

  • 4 Қазан 2019
  • 66
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Осы жылдың 16 наурызында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Ислам Алмаханұлына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулы шығарған еді.

Еске салсақ, Су ресурстарының бұрынғы төрағасы әрі  «Қазақ күресі» дүниежүзілік федерациясының президенті Ислам Әбішевке "ірі көлемде пара алды" деген айып тағылған болатын.

Дегенмен әлеуметтік желіде бірқатар белсенді азаматтар "Ислам Әбішевке жала жабылды" деп пайымдайды. Бұған қоса олар "Ислам Әбішевті қолдау комитетін" құрды. Қазір аталған қолдау комитетіне 50 мыңнан аса адам мүше. Онда қоғам белсенділері Ислам Алмаханұлының мемлекет ісіне тигізген пайдасы мен орасан зор еңбегі жайлы түрлі жазбалар қалдыруда. Бұған қоса Ислам Әбішевке кейбір өнер адамдары да қолдау көрсетіп, қазақ ұлттық өнеріне жасаған қамқорлығы жайлы материалдар жариялады.

Су ресуртарының бұрынғы төрағасы қамауға алынғалы әлеуметтік желіде бірнеше үндеуі жарық көрді. Онда елді ауызсумен толық қамтудың жеңіл әрі арзан жолдарын және ауыз судан түсетін миллиондар мен суармалы жерлер мен жүздеген мың жұмыс орындары және одан мемлекетке түсетін триллиондар туралы, Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар жобаларды азан әрі сәтті аяқтау, еліміздегі республикалық деңгейдегі тас жолдарды тиімді етіп салу жолдары көрсетілген


Әзірге сот тыңдауларының қанша уақытқа созылатыны белгісіз.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, АШМ Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішевке қандай айып тағылғаны жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова айтқан болатын.
 

Соңғы жаңалықтар