Ислам даму банкі еліміздің ауыл шаруашылығын шағын несиелендіруге 10 миллион доллар несие береді
Бүгін елордада Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ мен Ислам даму банкі арасында ауыл шаруашылығын шағын несиелендіру бағдарламасына қатысу жөнінде несие және техникалық көмек гранты туралы келісімдерге қол қойды. |
Құжатты Ислам даму банкі тарапынан аталған қаржы ұйымының президенті доктор Ахмад Мұхаммад Али, ал Қазақстан тарапынан «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ басқармасының төрағасы Гүлназ Атамқұлова рәсімдеді.
Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың атап өтуінше, ИДБ-ның 10 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қаржысы еліміздің ауыл шаруашылығын шағын несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға тартылып отыр. Оның комиссиялық сыйақысы жылына 2 пайыздан аспайды.
Бұл қаржыны «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ ауылдық жерлердегі жұмыссыздықты және кедейліктің деңгейін төмендету мақсатында фермерлікті дамыту үшін жұмсайтын болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін