Ислам Кәрімовтің өлгені туралы ақпаратты оның қызы таратқан - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам Кәрімовтің өлгені туралы ақпаратты оның қызы таратқан

Ислам Кәрімовтің өлгені туралы ақпаратты оның қызы таратқан

Өзбекстан билігіндегілер президент Ислам Кәрімовтің қайтыс болғаны туралы жалған мәліметті ақпарат құралдарына оның қызы берген деп ойла

  • 31 Тамыз 2016
  • 1815
Фото - Caravan.kz

Өзбекстан билігіндегілер президент Ислам Кәрімовтің қайтыс болғаны туралы жалған мәліметті ақпарат құралдарына оның қызы берген деп ойлайды екен. Бұл жөнінде «Известия» газетіне сол билікке жақын адамдардың бірі айтқан. Бірақ Лола Кәрімова-Тилляеваның мұндай қадамға не үшін барғаны белгісіз.

«Известияның» жазуынша, Өзбекстанда тақ таласы бұрынғыдан да қатты өршіп тұр. Кәрімовтер әулеті биліктен мүлдем шеттеп қалған.

«Ислам Кәрімов жасанды тыныс беретін аппаратқа қосылды. Бірақ бұл бірнеше күнге ғана созылатын сияқты. Президент көз жұмған жағдайда оның отбасын билікке жолатпайды. Кәрімовтің бір қызы – Гүлнар Лондонда үйқамақта отыр, екіншісі – Лолаға күш құрылымдары билікті бермейді. Қазір Өзбекстан президенті болуға дені дұрыс үміткер – премьер-министр Шавкат Мирзяев. Өйткені оны ел ішіндегілер де, сыртқы мемлекеттер де қолдайды» дейді дерек көзі.

Естеріңізге сала кетсек, 78 жастағы Ислам Кәрімов өткен сенбіде миына қан құйылып, ауруханаға жеткізілген еді. Ол кезде қызы – Лола жұртшылықтан
әкесіне қолдау білдіруді сұрады
.
 

Соңғы жаңалықтар