Ислам Кәрімовтің үлкен қызының қайда екенін ешкім білмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам Кәрімовтің үлкен қызының қайда екенін ешкім білмейді

Ислам Кәрімовтің үлкен қызының қайда екенін ешкім білмейді

Кезінде Гүлнар Кәрімова саяси элитада әкесінен кейін басты тұлға саналатын. Бірақ соңғы жылдары оның биліктегі ықпалы қатты төмендеп кет

  • 7 Қыркүйек 2016
  • 1030
Фото - Caravan.kz

Кезінде Гүлнар Кәрімова саяси элитада әкесінен кейін басты тұлға саналатын. Бірақ соңғы жылдары оның биліктегі ықпалы қатты төмендеп кетті, деп жазады CA-News орталықазиялық жаңалықтар қызметі.

Бұның себептері баршаңызға мәлім. Олар – Еуропадағы қаржы дауы, әкесімен арадағы түсінбеушілік, Батыс баспасөзіндегі бітіп болмайтын қауесеттер. Ақыр аяғында Гүлнар Исламқызы жұрт алдына мүлдем шықпауға мәжбүр болды.

Мұның ең басты себебі ақша жымқыруға қатысты ірі дау-дамай еді. Бұл жағдайға Франция мен Швейцарияның құқық қорғау орындары араласты. Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, сол кезде Гүлнар Кәрімованың 600 миллион доллары болған.

Оның қазір қайда, ал жағдайы қалай екенін ешкім білмейді. Ол әкесі Ислам Кәрімовтің жерлеу рәсімінде де болған жоқ. Ukr.Mediaның хабарлауынша, Гүлнар тіпті бұл өмірде жоқ деседі.


Ал енді бір дерек көздері оның әлі күнге дейін үйқамақта отырғанын айтқан. Кей басылымдар Гүлнар Исламқызын шетел тыңшылары қатарына тартып алған деп болжайды.

Жақында Uzmetronom тәуелсіз басылымы Гүлнар әкесі өлген соң президенттікке таласпақ деп жазды. Бірақ кейінірек ол материал сайттан алынып тасталды.

Гүлнар Кәрімова биліктің қатарына ұшырамас бұрын саясатқа араласып жүрді. Жұрт тіпті Өзбекстанның келесі президенті сол деп ойлады. Ол шығармашылықпен де айналысты. Яғни Гүлнар шоу-бизнесте «Гугуша» деген бүркеншік атпен танымал. Ол толық форматты альбом жазып, тіпті бірнеше концерт берді. Сондай күндерінде француз актері Жерар Депардьемен қосылып ән шырқады.

Соңғы жаңалықтар