«Ислам мемлекеті» содырлары Ирактың Рамади қаласын басып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ислам мемлекеті» содырлары Ирактың Рамади қаласын басып алды

«Ислам мемлекеті» содырлары Ирактың Рамади қаласын басып алды

Ирак билігі хабарлағандай, елдің батысындағы Рамади қаласы «Ислам мемлекеті» тобы содырларының бақылауына өтті, деп хабарлады Би-би-си. 

  • 18 Мамыр 2015
  • 290
Фото - Caravan.kz


Қалаға бағытталған жасақ жихадшылардың шабуылына қарсы тұру үшін жеткіліксіз болып шықты: билік әскері кері шегінді.

Жергілікті билік өкілі соңғы екі күнде қалада бейбіт тұрғындарды қоса алғанда, 500-ге тарта адам қаза тапқанын жеткізді.

Үкіметке қарсы сүннит тайпалары мен Саддам Хуссейн әскерінің бұрынғы мүшелерінің қолдауына ие содырлар бірнеше айдан бері Рамади қаласын басып алуға тырысқан.

«Ислам мемлекеті» Бағдад үкіметіне Рамадиді өз бақылауына алу арқылы топ бүкіл Анбар провинциясын іс жүзінде бақылай алатыны жайлы кесімді жауабын айтуда.