«Ислам мемлекеті» содырлары Мосулда қорғаныс желілерін құруда - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ислам мемлекеті» содырлары Мосулда қорғаныс желілерін құруда

«Ислам мемлекеті» содырлары Мосулда қорғаныс желілерін құруда

«Ислам мемлекеті» содырлары өздері басып алған Ирактың солтүстігіндегі Мосул қаласында алты қорғаныс желісін салып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 10 Қазан 2016
  • 539
Фото - Caravan.kz

Ирактың «Аль Сумария» телеарнасының хабарлауынша, аталған қорғаныс желілері броньдалған көлік құралдарынан және жанкешті лаңкестерден тұрады. Ирак армиясының шабуылына қарсы тұру үшін екі желі Мосулдың сол жағалауында, ал төртеуі қаланың өзге аудандарында тұрғызылған.

Бұған дейін Ирак қарулы күштерінің баспасөз-хатшысы Ахмед аль-Ассади Мосул қаласын азат ету операциясы бірнеше күннің ішінде басталуы мүмкіндігін хабарлаған болатын. Ол сондай-ақ, Ирак үкіметі шетелдік көмекке мұқтаж еместігін айтты.


Соңғы жаңалықтар