Исламабадта Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің 34-сессиясы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Исламабадта Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің 34-сессиясы басталды

Исламабадта Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің 34-сессиясы басталды

АСТАНА. 15-мамыр. Kazakhstan Today. Пәкістан астанасы - Исламабадта бүгін мұсылман әлемінің 57 елін біріктірген Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің 34-сессиясы басталды. Бқл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 15 Мамыр 2007
  • 477
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық өкілдерді ҚР СІМ-нің орынбасары Нұрлан Ермекбаев басқарды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сессияның күн тәртібі аясында саясат, экономика, құқық және мәдениет саласындағы 80-нен астам мәселе талқыланады. «Меккедегі саммит шешімдерін жүзеге асыру аясында Ислам Конференциясы ұйымының бас хатшысы, профессор Экмеледдин Ихсаноглудың үкіметтік және бейресми ұйымдардың исламофобиға қарсы тұру саласындағы ынтымақтастығын қамтамасыз ету мәселесіне арналған есебін тыңдау межеленген»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сессия Ислам Конференциясы ұйымының іс-шараларының 10 жылдық бағдарламасына сәйкес ұйымды реформалауға бағытталып, Сауд Арабиясының астанасы Меккеде 2005-жылы өткен үшінші төтенше саммитте мақұлданған қадамдарды одан әрі жалғастыруды көздейді. Ұйымның жаңартылған жарғысының жобасын одан әрі талқылау жоспарда бар. Онда қазіргі ахуал да қамтылады.

Қазақстан Ислам Конференциясы ұйымына 1995-жылы мүше болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті