Жарияланды: 710

Испания: бұқалар фестивалінде 40-тан астам адам жарақат алған

Испанияда дәстүрлі бұқалар фестивалі өтіп жатыр. Бірнеше күнге жалғасатын қауіпті ойын барысында 40-тан астам адам жарақат алса да, жарыстың қызуы басылмаған.

Бұқаның алдына түсіп, адымы жеткенше жүгіру қанша қауіпті болса да, қатысушылар саны мұнда еш азайған емес. Фестивальдың өтіп жатқанына  алтыншы күн. Осы уақытқа дейін 6 адам ауыр жараланыпты. Тағы екеуінің тұмсығы бұзылып, қолы сынды. Дәстүрлі фестиваль барысында тар жолмен 12 сүзеген бұқа жіберіледі. Және олардың алдынан жүздеген адам 850 метр қашықтыққа жүгіріп өтеді. Мұндай адреналин бірнеше айға созылатындықтан,Испанияға келген саяхатшылар жаз бойы  аталмыш  ойынды көруге құмар. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін