Испания Денсаулық сақтау министрі жемқорлыққа байланысты қызметінен кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Испания Денсаулық сақтау министрі жемқорлыққа байланысты қызметінен кетті

Испания Денсаулық сақтау министрі жемқорлыққа байланысты қызметінен кетті

Испанияның Денсаулық сақтау министрі Ана Мато отставкаға кетті. Судья оны заңсыз келісімдерден пайда тапты деп айыптады.

  • 27 Қараша 2014
  • 425
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ВВС хабарлады. 

Оның күйеуі де жемқорлық іске қатысты дауға шырмалған. Нақтырақ айтқанда, елдегі жетекші Халықтық партиямен байланысты өте ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қатысты қозғалған істе оның күйеуі Хесус Сепульведаның да аты аталады. Бірақ, Матоның өзі ол іске қатысты емес екенін мәлімдеді. Ол өз сөзінде ешқандайда қылмысқа қатысы жоқ екенін айтып, отставкаға мемлекеттің мүддесі үшін кетіп бара жатқанын жеткізді.