"Испат-Кармет" ААҚ-ның иелігіндегі кәсіпорындарды қайта құру кәсіподақтардың қатаң бақылауында жүзеге асырылады
Таяу уақыттарда "Испат-Кармет" ААҚ-ның иелігіндегі кәсіпорындарды қайта құру жүзеге асырылмақ. Соның нәтижесінде акционерлік қоғамның барлық қосалқы және әлеуметтік бөлімдері дербес заңды тұлғаға айналады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. |
Олардың арасында тағам комбинаты, емхана және басқа да әлеуметтік нысандар бар. Кәсіпорын басшылығынан комбинаттың кәсіподақ комитетіне жолдаған ресми ескертпе хатта атап көрсетілгеніндей, "Испат-Кармет"-тен басқа LNM тобына жататын кәсіпорындардың бірде-бірінде мұндай бөлімдер жоқ. "Испат-Кармет" ААҚ кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Владимир Дубининнің айтуынша, қайта құру жұмыстары кәсіподақ комитетімен келісім негізінде жүзеге асырылады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін