Италия Астанамен тікелей әуе рейсін ашуға мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Италия Астанамен тікелей әуе рейсін ашуға мүдделі

Италия Астанамен тікелей әуе рейсін ашуға мүдделі

Итальяндық компанияларды шетелдерде таныту және интернационалдыру жөніндегі ИЧЕ агенттігі Қазақстанмен арада тікелей әуе рейсін ашу бағытында жұмыс істеп жатыр.

  • 10 Қараша 2014
  • 550
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы агенттік төрағасы Риккардо Монти мәлім етті.
«Қазір біз Астанаға тікелей рейс ашу бағытында жұмыс істеп жатырмыз», — деді ол дүйсенбі күні Астанада Қазақстан-Италия бизнес форумында.
Оның айтуынша, агенттікке апта сайын қолдау көрсету жөнінде ондаған өтініш келіп түседі.
«Біз бұл елге қызығушылық танытып отырған итальяндық компанияларға қолдау көрсеткіміз келеді. (…) Италия металлургиядан химия, ауыл шаруашылығына дейінгі түрлі салаларда жетекші рөл атқара алады», — деді Р.Монти.
Р.Монтидің айтуынша, итальяндық компаниялар 2015 жылы Миланда өтетін ЭКСПО көрмесіне қызу дайындық үстінде.
«Біз ЭКСПО-ға дайындалып жатырмыз. Қазақстандық кәсіпкерлерді Миланға келіп қана қоймай, белгілі бір салаларды дамытуға негізделген итальяндық кластерлерге қатысуға болады», — деп қосты ол.
Р.Монти тікелей рейстің жоқтығы бизнесмендер үшін қиындық тудырып отырғанын да атап өтті.