Құрбандар саны бойынша бұл соңғы ақпарат емес, себебі қазір іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Апат кезінде жолаушысы бар пойыздар неліктен екені белгісіз бір рельстің бойында бір біріне тап қарама-қарсы келіп қалып, соқтығысқан. Сондай-ақ апатқа ұшыраған пойыз машинистерінің бірі тірі қалып, қазір ауруханада хал үстінде жатыр.