Италияда жол апатынан 9 отандасымыз қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Италияда жол апатынан 9 отандасымыз қаза тапты

Италияда жол апатынан 9 отандасымыз қаза тапты

Италияда қыдырып жүрген отандастарымыз жол апатына ұшырап, ауруханаға түсті.

  • 24 Мамыр 2019
  • 36
Фото - Caravan.kz


Туристер отырған автобус жолдан шығып кетіп, 4 метр биіктен құлаған. зардап шеккендердің арасында 9 қазақстанлық бар. Бұдан бөлек,  бір адам мерт болыпты. Оқиға орнында біздің елшіліктің қызметкерлері жұмыс істеуде.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Италиядағы Сиена мен Флоренцияны жалғайтын жол бұл. Кезекті экскурсияға аттанған 55 адам мінген автобус апатқа ұшырады. Кей деректерге сәйкес, жолдан шығып, аударылған автобусты жиектегі ағаштар ұстап қалыпты. Олар болмағанда құзға құлаушы еді.

"АҒАШТЫ КЕСІП ЖАТҚАН АРАНЫҢ ДАУСЫ".

Аяқ астынан болған апатқа байланысты түрлі деректер айтылуда. Кей болжамға сай, көлік жүргізушісі жаңбырдан соңғы тайғақ жолда рөлге ие бола алмаған. Салдарынан жол шетіндегі қоршауды бұзып, бірнеше метрлік бикітіктен құлапты. Іште болғандары терезелерден шығып қашып амалдаған.

Апат салдарынан Ресей азаматы көз жұмған. Жасы қырықтан асқан марқұм гид қызметін атқарыпты. Салонда отандастарымыз да болған. 9 адамның екеуі ауруханаға түсті. 70-ке келген зейнеткер омыртқасын жарақаттаса, тағы бір қазақстандықтың қабырғалары сынған. 

АЙБЕК СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
"Медициналық страховканың өзінің бір шектеуі бар. Шектеулі сомаға ғана емделеді. Егер де жағдай күрт өзгеріп жатып, шамалары жетпей, сақтандырудың қаражаты жетпей жатқан кезде біз мемлекет тарапынан көмек көрсетуге дайынбыз. Ол үшін итальяндық дәрігерлер диагнозын беруі керек. Сосын біздің денсаулық министрлігі қосылып бұл мәселеге санитарлық авиация, өзінің арнайы бортын жіберуге дайын. Бірақ оған әлі уақыт керек".

Автобус ішінде Армения, Белоруссия, Молдавия мен Украина азаматтары да болған көрінеді. Апатқа не себеп болғаны туралы тағы бір болжам бар. Оған сәйкес, жүргізуші радио даусын басамын деп назары соған ауып кеткен. Қалай дегенімен, жергілікті прокуратура адамдардың өліміне әкелген бап бойынша іс қозғаған.