Италиядағы ірі жол апаты: тоғыз қазақстандық зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Италиядағы ірі жол апаты: тоғыз қазақстандық зардап шекті

Италиядағы ірі жол апаты: тоғыз қазақстандық зардап шекті

Зардап шеккен қазақстандықтардың омыртқасы, бұғанасы, қабырғасы сынған, көптеген жарақат алған.

  • 23 Мамыр 2019
  • 18
Фото - Caravan.kz

Сыртқы істер министрлігі Сиена провинциясындағы (Италия) жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы туралы хабарлады.

"Италиядағы жол апатынан зардап шеккендер арасында тоғыз Қазақстан азаматы бар", — деп мәлімет берді СІМ.

Олардың бесеуі ауруханаға жатқызылды, қалған төртеуі қонақүйге орналастырылады.

​"Зардап шеккен қазақстандықтардың омыртқасы, бұғанасы, қабырғалары сынып, көптеген жарақат алған", — деп атап өтті ведомство.

Италиялық дәрігерлер зардап шеккендерді қарап, әрі қарай қалай емделуге кеңес береді.

​Қазақстандық дипломат отандастарымыздың қасында, барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Зардап шеккендердің туған-туыстарына да жол апаты туралы хабар берілді.


​Зардап шеккен қазақстандықтар туралы қалай білуге болады

Қазақстан Республикасының Италиядағы елшілігіне хабарласу керек: +390636301130.

Италияда автобус аударылды

Сиена провинциясында сәрсенбі күні 60 турист мінген автобус аударылды. Жол апаты салдарынан ресейлік әйел қаза болды, деп хабарлайды РИА Новости. Зардап шеккендердің саны 37 адамға жетті.

Соңғы жаңалықтар