Италиямен адамдарды ұстап беру туралы шарт ратификацияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Италиямен адамдарды ұстап беру туралы шарт ратификацияланды

Италиямен адамдарды ұстап беру туралы шарт ратификацияланды

 Бүгін ҚР Парламенті  Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы  шартты ратификациялау туралы» Заң қабылданды.

  • 3 Қыркүйек 2015
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Егер адам Қазақстанда қылмыс жасап, Италияда жасырынып жүретін болса, онда Италияның құқық қорғау органдары оны ұстап, біздерге табыстай алады. Яғни, экстрадициялайды. Шарт бұл үшін барлық құқықтық мүмкіншіліктерді жасайды. Өз кезегінде, Қазақстан да Италияда қылмыс жасап, біздің еліміздің жасырынып жүрген тұлғаларды беруге міндетті болады. Әрине, кейбір жағдайда тараптар құқықтық көмек көрсетуден бас тартуы мүмкін. Нақты негіздемелері шартта айтылған. Мәселен, қылмыстық істер немесе мемлекеттің егенмендігіне нұқсан келтіретін және басқа да маңызды мүдделерде», — деді заң жобасын таныстырған ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Италия тарабы да шартты ратификациялау бойынша сәйкесінше процедураларды жүргізуде.


Айта кетерлігі, Қазақстан мұндай шартты 14 елмен жасасқан. 

Соңғы жаңалықтар