И.Тасмағамбетов ЮНЕСКО медалімен марапатталады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
И.Тасмағамбетов ЮНЕСКО медалімен марапатталады

И.Тасмағамбетов ЮНЕСКО медалімен марапатталады

Елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов ЮНЕСКО медалімен марапатталады.

  • 17 Шiлде 2014
  • 647
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының бас хатшысы Әсел Өтегенова мәлім етті.

«Кеңестің салтанатты ашылу рәсімі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Оған Үкімет басшысының қатысуы жоспарланып отыр.  Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов ЮНЕСКО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың дамуына қосқан үлесі үшін ұйым басшысы қолынан ЮНЕСКО медалін алады», — деді ол.

Оның атап өтуінше, осы жиын барысында ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енген Қазақстанның 8 ескерткішіне дипломдар табыс етіледі.


Сонымен қатар іс-шара аясында 2 көрме өтеді. Шілденің 22-сі күні өтетін көрме материалды емес мәдени мұраға арналады. Ал шілденің 24-і күні Қазақстан халқы Ассамбелясының көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ алқалы жиынға қатысушылар көшпенділер өркениеті фестивалін тамашалайды.