Итті көлікке байлап сүйреген көлік жүргізушісі қазақстандықтардың ашуына тиді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Итті көлікке байлап сүйреген көлік жүргізушісі қазақстандықтардың ашуына тиді

Итті көлікке байлап сүйреген көлік жүргізушісі қазақстандықтардың ашуына тиді

Желі қолданушылары көлікке байланған ит түсірілген суретке ашуланды.

  • 9 Наурыз 2021
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Фото Instagram-дағы "Клуб добряков Алматы" парақшасында пайда болды. Жазба авторы егде жастағы адамның "итті көлікке байлап, жүргізгенін" хабарлады. Жануардың мойнында қан көрініп тұрғаны да айтылған.

"Мен оған бұлай жасауға болмайтынын айттым, ал ол айғайлай бастады және жанжал шығарды. Біз қашан жануарларды қорлауды қоямыз?" — деді автор.

Ол оқиға нақты қай жерде болғанын айтқан жоқ, бірақ көліктің Алматының мемлекеттік нөмірі болған.

 

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр