"Итті соймайық". Оңтүстік Кореяда ит етіне қатысты дау бұрқ ете түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Итті соймайық". Оңтүстік Кореяда ит етіне қатысты дау бұрқ ете түсті

"Итті соймайық". Оңтүстік Кореяда ит етіне қатысты дау бұрқ ете түсті

Оңтүстік Кореяның бірінші ханымы Ким Кеон Хи Юнның президенттік мерзімі аяқталғанға дейін ит етін жеу дәстүріне нүкте қойдыру - оның парызы болып табылатынын айтты.

  • 23 Сәуiр 2023
  • 29
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оңтүстік Кореяның бірінші ханымы Ким Кеон Хи елдегі ит етін жеу дәстүрін доғаруға шақырған мәлімдемелері үшін ит өсіретін фермерлердің мүдделерін танытушы топтың сынына ұшырады, деп хабарлайды SCMP.

Аталған топ Ким президент те, депутат та емес, сондықтан ол мұндай мәселелерде бейтарап болуы керек деп мәлімдеді, өйткені бірінші ханымның басты міндеті президентті қолдау болып табылады.


"Жануарлар құқығын қорғайтын топтардың жағына шыға отырып әрі ит етін жеуден бас тартуға шақыруда ол өз орнын ұмытып, саяси қызметке ұмтылуда".Фермерлердің мәлімдемесі

Соңғы жаңалықтар