Іздеуде болған: Павлодарда ер адам ата-анасына басқа пәтерге көшкенін ескертпеген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Іздеуде болған: Павлодарда ер адам ата-анасына басқа пәтерге көшкенін ескертпеген

Іздеуде болған: Павлодарда ер адам ата-анасына басқа пәтерге көшкенін ескертпеген

30 жастан асқан павлодарлық үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Іздеу жарияланған ер адам ата-анасына басқа пәтерге көшкенін ескертпеген болып шықты.

  • 20 Мамыр 2022
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл мамырдың басында ер адамның ата-анасы полицияға ұлын тауып беру туралы өтініш жазған. 

"Оны тәртіп сақшылары еріктілермен бірге іздестірді. Ұлы ата-анасының үйінен кетіп, өз бетінше өмір сүруге бел байлаған. Қаладан пәтер жалдап, бұл туралы ата-анасын ескертуді ұмытып кеткен, — делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, биыл полиция департаментіне хабар-ошарсыз кеткен адамдарды анықтауғ бойынша 36 өтініш  түскен.  Олардың 25-і табылыпған, қазіргі уақытта 9 адам іздестіріліп жатыр.  


Соңғы жаңалықтар