Іздеуде жүрген Аманжан Рысқали байланысқа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Іздеуде жүрген Аманжан Рысқали  байланысқа шықты

Іздеуде жүрген Аманжан Рысқали байланысқа шықты

Аманжан Рысқали күтпеген жерден байланысқа шықты! Бүгін Атырауда облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің іздеуде жүрген інісі сот алдында жауап беріп, заңсыз жекешелендірді деген пәтерлерді қайдан алғанын түсіндіріп берді. 

  • 7 Ақпан 2014
  • 361
Фото - Caravan.kz

Бұл таспа 2012 жылдың 23-ші ақпанында түсірілген. Ағайынды Рысқалиевтердің тағынан түспеген кезі. Аманжанның сенімді отыруы да сондықтан. Сол кезде Мәжілістің депутаты «AB GROUP» компаниясы басшылығына қатысты қозғалған қылмыстық істе куәлік еткен. Сөзіне сенсек, компания басшысы Атырауда салынып жатқан тұрғынүйге қаржылай көмек көрсетуді сұрапты. Сол үйден тоғыз пәтер алуға да ауызша уағдаласқан. Экс-депутаттың айтқандарына тергеушілер енді сенбей, Аманжал Рысқалиді жемқорлыққа жол берген деп отыр.


Аманжан Рысқали:

-9 пәтерді алаяқтық жолмен алды деген нақақ арызымен мен келіспеймін. Өйткені бұл шындыққа сәйкес келмейді. Осы уақытқа дейін бірнеше жыл бойы арызданбай келдім. Маған тағылған айып тап-таза қолдан жасалған және әлдебір саяси топтың "тапсырмасы" екені көрініп тұр.