Израиль Әзербайжанның газын алу мүмкіндігін жоққа шығармайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Израиль Әзербайжанның газын алу мүмкіндігін жоққа шығармайды

Израиль Әзербайжанның газын алу мүмкіндігін жоққа шығармайды

Баку. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Израиль үкіметі болашақта Әзербайжан газын алу мүмкіндігін жоққа шығармайды деп мәлім етті Израильдің Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Артур Ленк Каспий ықпалдасу іскерлік клубының (CIBC) отырысында.

  • 7 Мамыр 2008
  • 692
Фото - Caravan.kz

«Әзербайжан және Израильдің сарапшылары азербайжан газының Еуропаға экспорттау мәселесін жиі талқылауда. Болашақта Әзербайжан газы Израильге экспортталуы да мүмкін «, — деді елші.

Елші хабарлағанындай, бүгінгі кезде Әзербайжан мен Израиль арасындағы мұнай секторын есептемегенде тауар айналымы $80 млн құрайды, ал Әзербайжаннан Израильге импортталатын мұнай көлемі $1 млрд асады.

Оның сөздері бойынша, тауар айналымының үлкен бөлігін Израильдің сатып алып отырған мұнай құрайды. Ал мұнайдан басқа секторлар бойынша Әзербайжан Изральден жоғары технологияларды сатып алады. Сонымен бірге медицина, құрылыс, энергетика саласындағы ынтымақтастық дамытылуда.

«Баку — Тбилиси — Жейхан мұнай құбырын салуға дейін Израиль Әзербайжанның мұнайын сатып алып отырған ірі тұтынушысы болған.

Енді Әзербайжан мұнайы Жейханда сатылып отыр, бұл Израильден 600 шақырым жерде. Бұл әзербайжан мұнайын көп көлемде сатып алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге Әзербайжанның қара алтынын Израильдің аумағы арқылы Азияның басқа мемлекеттеріне тасымалдаудың жаңа мүмкіндіктері бар», — деп атап өтті А. Ленк.

Ол атап өткеніндей, Израиль Әзербайжанмен телекоммуникация, құрылыс, өндіріс және экономиканың барлық салалары бойынша ынтымақтастық жасауға дайын.

Оның сөздеріне қарағанда келесі аптада Бакуге Израильдің ауыл шаруашылық министрі Шалом Симхон келіп, аграрлық секторда тәжірибе алмасу мәселелері бойынша келіссөздер өткізеді.

Елші Әзербайжан және Израильдің бизнес қауымдастықтары арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың дамуына қолғабыс жасауға дайын екендігін айтты.

«Әзербайжан мен Израиль геосаяси жағдайы күрделі аумақтарда орналасқан. Екі ел Еуропа және АҚШ- пен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі, екі мемлекет қарқынды экономикалық дамуға қол жеткізуге талпынып, бейбітшілікті қалайды «, — деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті