Израиль парламентінде депутат күтпеген жерден азан шақырды (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Израиль парламентінде депутат күтпеген жерден азан шақырды (видео)

Израиль парламентінде депутат күтпеген жерден азан шақырды (видео)

Израиль парламентінде (Knesset) ел аумағында дауыс зорайтқыштармен азан айтылуына тыйым салатын заң талқыланды. Осы заң жобасына байланысты пікір білдіру үшін мінберге шыққан араб текті депутат Әбу Арар, кенеттен азан оқыған.

  • 17 Қараша 2016
  • 1000
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін ел парламенті азанды дауыс зорайтқышпен айтуға болмайды деген заңды мақұлдап, мәжілістің қарауына жіберген болатын. Алайда “Бірлескен Тәурат” партиясының қарсылығымен заң жобасына дауыс беру кейінге қалдырылған еді.

Ел парламенті бұл ретте “азан дауысы шу тудырады” дегенді желеу етіп, қабылдағысы келмейтін сыңай танытуда. Ал өзінің жеке қарсылығын мемлекетік мінберде азан шақыру арқылы білдірген депутат сынның астында қалды.


Израильдің бұлайша азанға ашық қарсылық танытуы, Палестина және басқа да мұсылман мемлекеттерінің наразылығын туындатуда.

Соңғы жаңалықтар