Израиль қарсыластарымен бейбіт келісім жасауға әзір - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Израиль қарсыластарымен бейбіт келісім жасауға әзір

Израиль қарсыластарымен бейбіт келісім жасауға әзір

Бұл туралы бүгін осы елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. Бірақ оның ХАМАС қайтадан шабуыл жасай ма деген қаупі бар.

  • 8 Тамыз 2014
  • 212
Фото - Caravan.kz


Тіпі Израиль Газа секторымен арадағы бейбіт жағдайды біраз уақытқа созуға да келісіп отыр. Естеріңізге салсақ, талайдан бері жауға айналған қос тарап арасында өткен айдың соңында тағы да шиеленіс туып, 4 аптаға созылған соғыстан 1600-ден аса палестиналық қаза тапқан еді. Ажал құшқандардың арасында жас балалар көп. Үздіксіз соққыдан тіпті Израиль де біраз әскерінен айырылды. Тек осы аптада Біріккен Ұлттар ұйымының ықпалымен 72 сағаттық тыныштық орнаған болатын. Сөйтіп, екіжақты бірнеше келіссөздер жүргізілді. Бірақ әзірге қандай шешімнің қабылданары белгісіз.