Жарияланды: 30

Израиль Сирияға шабуыл жасады

Израиль Сирияға шабуыл жасады

Зымыран шабуылы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, тек материалдық шығын келген.

Израиль Сирия әскерінің нысандарына зымыранмен шабуыл жасады, деп хабарлайды САНА агенттігі.

Басылымның мәліметіне сүйенсек, Алеппо провинциясының солтүстігіндегі Нейраб әуежайынан солтүстікке қарай жасалған шабуылдар тіркеліпті.

"Жау Дераа мен Кунейтрадағы террорлық топтарға қолдау көрсетуге талпынып, Нейраб әуе базасынан солтүстікке қарай орналасқан біздің әскери нысандарымыздың біріне зымыранмен шабуыл жасады", — деп хабарлайды агенттік.

Ақпарат бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, зымырандар тек материалдық шығын келтірді.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін