Израильде емделіп қайтқан қызылордалық «балық бала» дертінен айыға бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Израильде емделіп қайтқан қызылордалық «балық бала» дертінен айыға бастады

Израильде емделіп қайтқан қызылордалық «балық бала» дертінен айыға бастады

Балық бала елге оралды! Ихтиозға шалдыққан қызылордалық 5 жасар Жасұлан Қорғанбек Израильде ем алып қайтты. Ондағы дәрігерлер бүлдіршінге қан құрамы өзгеріп, генетикалық ауытқуға ұшырады деген диагноз қойған. Сондықтан оның терісіне емес, ең алдымен ішкі ағзасына ем жасалыпты. Әзірге нәтижесі де жаман емес. Денесіндегі қабыршықтар түлей бастаған. Дертінен толық айығып кетуі үшін бала Тель-Авивтегі клиникаға әлі бірнеше мәрте бару тиіс.

  • 15 Шiлде 2014
  • 237
Фото - Caravan.kz

Бұл — кішкентай Жасұланның Израильден оралған беті. Қасында әкесі мен анасы бар. Израильде алған шипа баланың да, анасы Ұлбибінің де көңілінен шығыпты. 

Жасұлан Қорғанбек:

— Ия, ұнады.

 — Қандай екен?

– Білмеймін.

Достар таптым. Дәрігерлер екпе салды. Анализдер өткіздім.

Денесін түгел қатты қабық басқан қызылордалық 5 жасар Жасұлан туралы ақпар осыдан 3 ай бұрын шыққан еді. Баланың үстін сол кезде дәл мынадай қара жара басқан болатын. «Ихтиоз» деп аталатын бұл дерт біздің елде емделмейді екен. Сондықтан Ұлбибі Ықыласова Изральге бару үшін көптен көмек сұрауға мәжбүр болды. Сөйтіп, 8 миллион теңге жиналды. Соның ендігі нәтижесі мынадай. Жараның бір сыпырасы сылынып түскен.

Ұлбибі Ықыласова, Жасұланның анасы:

— Жеңіс деп ойлаймын. Мына мазьді жағып жатқанымызға 4 күн болды. Жақсы нәтиже берді. Бұрын мүлдем терлемейтін бала еді. Бірақ баланың ішкі құрылысын емдейміз деп берген дәрілерден кейін ол терлейтін болды. Терлеген сайын бұл өзі түсіп қала береді.

Израиль генетиктері баланың ағзасына ем жасапты. Яғни, құрамы өзгеріске ұшыраған қанды ретке келтірген. Десе де Жасұланның толық айығып кетуіне олар да кепіл бермеген. Тек қажетті дәрісін үзбесе, жарасы асқынбайтын көрінеді.


Ұлбибі Ықыласова, Жасұланның анасы:

— Екі айдың жағатын майы, сабыны, гелі, кремі және 4 айға ішетін дәрісін қосқанда 1 миллион 300 кетті теңгемен.

Енді Ұлбибі баласымен қорытынды тексеруден өту үшін екі айдан соң Израильге қайта баруы тиіс. Көп болып, көмек берген елге ананың алғысы да шексіз.

— Қазір Тель-Авив дәрігерлері ихтиозға қарсы жаңа ем әзірлеп жатыр екен. Ұлбибі Ықыласоваға бұл туралы толық ақпарат беріпті. Бірақ сараптамасы аяқталмағандықтан, әзірге дәрі қолданысқа енгізілмеген. Егер ресми рұқсат алса, Израиль мамандары оны Жасұланға да қолданып көрмекке уәде етіпті. Және ақысы жағынан да біршама жеңілдік жасамақ.  

 

Отбасының байланыс телефоны: 87028844437