Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың Мұнай-газ саласы қызметкерлерінің күнімен құттықтауы ведомствоның Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
«Құрметті мұнай-газ саласының қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекеміз – Мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір тонна мұнай мен әрбір текше метр газдың артында үлкен еңбек, жауапкершілік пен жоғары кәсібилік тұр. Күн сайын сіздер кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып келесіздер. Өткен жыл біз үшін рекордтық көрсеткіштермен ерекшеленді: мұнай өндіру көлемі тоқсан тоғыз бүтін бес миллион тоннаға жетті». Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов