Йемендегі Қазақстан азаматтары елге оралып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Йемендегі  Қазақстан азаматтары елге оралып жатыр

Йемендегі Қазақстан азаматтары елге оралып жатыр

Сыртқы Істер министрлігі азаматтық соғыс жүріп жатқан Йеменнен Қазақстан азаматтарын дереу шығарып  жатыр. Әзірше, 6 отандасымыз соғыс аумағын тастап шықты. Алдымен Дастан Оспанов әйел-баласымен, ал Эльмира Ақжанова жаңа туған сәбиімен Ресей жіберген ұшақпен аман-есен  Мәскеуге жеткізілген.

  • 7 Сәуiр 2015
  • 284
Фото - Caravan.kz

Бірнеше сағат бұрын ең соңғы болып Йемендегі консулдықта тіркеуде тұрған Гүлмира Саханова құтқарылды. Енді бірер күнде жерлестеріміз Қазақстанға оралуы тиіс. Бұл адамдар бірнеше жыл бұрын жұмыс істеуге осы араб түбегіне қоныс аударған екен. Жалпы Ресейдің төтенше жағдайлар қызметіне тиеселі ұшақ, Йеменнен 60-қа Украина, Беларусь, Армения, Молдова, Сирия, Өзбекстан азаматтарын  алып шыққан. Ал Йемендегі үкімет әскері мен шиіт-хуситтер арасындағы қайта басталған қарулы қақтығыс тоқтар емес. Президентті қуып, тақты күшпен тартып алмақ болмақ болған бүлікшілерді жаншу үшін Сауд Арабиясы бастаған коалиция күштері әуеден соққы жасап жатыр. Қақтығыс кезінде 500-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапқан.