К. Хиллман «ҚазМұнайГаздың» директорлар кеңесінен шықты
![]() |
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») директорлар кеңесі 2015 жылдың 20 қазанында директорлар кеңесінің мүшесі |
Кертвуд Хиллманнан өз еркімен құзыретін мерзімінен бұрын тоқтату туралы хабарлама алды. Хиллман мырзаның Компанияның директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі сол күні тоқтатылды.
ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің төрағасы Кристофер Хопкинсон Кертвуд Хиллманға бірлесе жасаған жемісті жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, оның келешектегі қызметіне сәттілік тіледі.
Компанияның директорлар кеңесінің құрамына кіруге жаңа үміткер жайлы ақпарат белгіленген тәртіп бойынша таратылады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін