К. Мәсімов: ұлттық қауіпсіздік мәселесі президенттің ерекше назарында тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
К. Мәсімов: ұлттық қауіпсіздік мәселесі президенттің ерекше назарында тұр

К. Мәсімов: ұлттық қауіпсіздік мәселесі президенттің ерекше назарында тұр

Ұлттық қауіпсіздік мәселесі президенттің ерекше назарында тұр, деп ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

  • 20 Маусым 2011
  • 665
Фото - Caravan.kz

«Сіздер бүгін ұлттық қауіпсіздікке, лаңкесшілермен күрес, қоғамдық қауіпсіздікке қатысты көптеген мәселелерді қозғадыңыздар. Мен сіздерге бұл мәселелердің барлығы елбасының ерекше назарында екенін жеткізгім келеді. Үкіметке, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігінің алдына тиісті мінедеттер қойылған», — деді ол дүйсенбі күні парламенттің бірлескен отырысы барысында депутаттар сауалына жауап беріп.

Сенат депутаты Жұмабек Төрегелдинов өзінің сөзінде премьерді елдің ұлттық қауіпсіздігіне назар аударуды сұрады.

«Жақында облыс орталықтары мен елорданың ішінде орын алған жарылыстардың табиғаты қандай болғанымен, олар біздің қазіргі заман қауіп-қатерін елемеуімізге болмайтындығын және біз өзіміздің ең басты жетістігіміз – тұрақтылық пен біздің азаматтардың қауіпсіздігін қорғау керектігін көрсетіп берді», — деді Ж. Төрегелдинов.

Соңғы жаңалықтар