Осы сәтте қонақүйде шетелдіктер үшін мерекелік концерт өтіп жатқан екен. Қарулы лаңкестер ішке басып кіріп шетел азаматтарын кепілге алыпты. Оқиға орнына жеткен полицейлер нысанға кіре алмай, тәліптермен 7 сағат бойы атысқан. Қақтығыс кезінде АҚШ, Ұлыбритания,Италия, Индияның 14 азаматы қаза тапты. Сондай-ақ ,беліне бомба байлап алған жанкештілердің көзі жойылған. Марқұмдардың арасында жерлесіміз Әйгерім Абдуллаева мен оның италиялық күйеуі бар. Италия азаматы бұған дейін еліміздің Инвестиция және даму министрлігінде кеңесші боп істеген екен. Жақында ғана марқұм- ерлі зайыптылар сәуірде Астанаға демалысқа келіп, Кабулға оралыпты. Әйгерім Абдуллаеваның денесін елге жеткізумен Сыртқы істер министрлігі айналысып жатыр.