Кабулда жанкешті Ұлыбритания елшілігін жарып жібермек болды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кабулда жанкешті Ұлыбритания елшілігін жарып жібермек болды

Кабулда жанкешті Ұлыбритания елшілігін жарып жібермек болды

Ауғанстанда Ұлыбритания елшілігіне шабуыл жасалды. Мотоцикл тізгіндеген жанкешті ел астанасы Кабулдағы елшілік алдында өзін-өзі жарып жіберген.

  • 28 Қараша 2014
  • 213
Фото - Caravan.kz


Салдарынан 5 адам қаза тауып, 40 кісі ауыр жараланды. Марқұмдардың арасында ағылшындық дипломаттардың бірі бар. Жанкешті көшедегі көлік кептелісін пайдаланып, Ұлыбритания елшілігінің тура табалдырығына келіп тоқтаған. Беліне байлаған бомбаны да сол мезетте іске қосыпты. Лаңкестік шабуылды «Талибан» қозғалысының белсенділері өз мойындарына алды.