Жарияланды: 430

Каддафи Ливиядан Беларусь еліне қашуы мүмкін - БАҚ

Муаммар Каддафи 2-3 аптадан кейін Ливиядан тастап қашпақ. Бұл туралы Ливияның бұрынғы сыртқы істер министрі, Триполидің БҰҰ жанындағы бұрынғы тұрақты өкілі, қазір оппозицияның жағынан өткен Абдурахман Мохаммед Шалгам мәлім етті, деп хабарлайды Росбалт.

Шалгамның айтуынша, Ливия басшысы Гаагадағы халықаралық сот үдерісінен бас сауғалау және ақшаларын аман сақтап, елден қашып кету үшін, қазір бірқатар достас елдердің өкілдерімен келіссөз жүргізіп жатқан көрінеді. Дипломат осындай келіссөздің Беларусь елімен де жүргізілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін