"Қай көке-жәкесіне сеніп "ақталам" деп тұр?": Сәуле Әбілдаханқызы Педофиль Талғат Қатауов туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қай көке-жәкесіне сеніп "ақталам" деп тұр?": Сәуле Әбілдаханқызы Педофиль Талғат Қатауов туралы

"Қай көке-жәкесіне сеніп "ақталам" деп тұр?": Сәуле Әбілдаханқызы Педофиль Талғат Қатауов туралы

Қыздарға тиісіп, педофильдік іс бойынша сотталып жатқан Талғат Қатауов туралы журналист Сәуле Әбілдаханқызы жазды.

  • 8 Мамыр
  • 85
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Жаңа ватсабыма мына видеосы келгенде, бұл иттің небір иттігі есіме түсіп кеткені… Мені нақақ күйдіргендердің оңғанын көрген жоқпын… «Аққа құдай жақ» деген осы… бұл да сақауланып, маған талай бәле-жаласын жауып еді… Елді алдап, алаяқтықтың шыңына шығып еді, ақыры қолына кісен салыныпты… Таба емес, тоба… Алла хақ!.. Алла ұлық!…

Қазір Түркістан қаласында бұл қотауыпқа байланысты сот болып жатыр екен. Педофилдік бап бойынша. Негізі талғат қотауыптың кішкентай қыздарға тиісетіні әлеуметтік желіде бұрыннан айтылып жүрген әңгіме еді. Өзі БҚО Бөкей ордасы ауданында мектеп директоры болып жүрген кезінде (осындай адамды мектеп директоры қылған сол кездегі аудандық, облыстық білім басқармасына позор, лағнет болсын!.. Осындай сақау, арсыз, оңбаған мұғалім, мектеп директоры болса, онда бұл — біздегі білім саласының да кадрлық тоқырауының айқын көрінісі деген сөз…), осындай «мектеп директорының» 8 сынып оқитын қызға жазған ұятсыз хабарламалары әлеуметтік желіде сол жылдары жарияланып еді… Ол осы фейсбукте әлі бар, іздеп табуға болады…

Енді, міне, Түркістанға барып, дәл сондай малғұни тірлігімен ол жақты да шулатып, ақыры мұның ісі сотқа жетіпті. Бұл оңбаған қаскүнем өзі араласатын адамдардың кіп-кішкентай 13-14 жастағы қыздарына ватсап арқылы небір ұятсыз сөздер жазған екен, сол қыздарға тиіскен екен… сол қыздардың ата-анасының арызымен ақыры тұтқындалған екен…

«Көп асқанға — бір тосқан» демекші, қашанғы құтыла берсін? Осы жолы тұтылыпты. Наконец-то!..

Мына видеода «құдай қаласа ақталам» деп сенімді түрде айтып тұр. Бұл сонда қай көке-жәкесіне сеніп «ақталам» деп тұр? Әлде бұған заң жоқ па? Қайта-қайта құтылып кете беретін болса, онда заң кім үшін, не үшін керек? Небір жазықсыз азаматтар қамалып кетіп жатыр… Ал мынау сияқты оңбағандар тайраңдап жүре бермек пе???…

Бұның кішкентай қыздарға тиісетінін бүкіл халық біліп болған. Бөкейдегі қылмысынан да қалай құтылғанын оралдықтар айтып берген. Мысалы, депутат Абзал Құспан ол істің бүге-шігесіне дейін айтып берген…

Сонда бұл тағы да ақталып кетсе, ертеңгі күні бір кішкентай қыз бұдан оңбастай боп зәбір көрсе, зардап шексе, не болмақ? Ол кезде кім бұның қылмысы үшін жауап береді? Бұны ақтайтын сот жауап бере ме? Өзі жауап бере ме? Ол кезде тым кеш болады…

Қайбір жылы Сарыағашта осындай бір оңбаған малғұнды сот ақтап жіберді де, ол малғұн көп ұзамай бір кішкентай қызды зорлап, қорлап өлтірді…

Осы жолы бұл қатауов тағы да ақталса, түптің-түбінде тағы бір бүлдіршіннің түбіне жетеді, сол кезде бұны ақтаған сотпен бірге сотталатын болады….

Сондықтан бұндай оңбағандарды қоғамнан аластап, оқшауламаса болмайды… мен естіп-білгелі (сонау 2017 жылдан бері) бұл оңбаған ел-жұртқа, халыққа, қоғамға тек зиянкестік жасаумен келе жатыр…

Жазасын алсын оңбаған», — деп жазды журналист.