Калачи селосына қонаққа келген 4 жасар бала «ұйқы ауруына» шалдықты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Калачи селосына қонаққа келген 4 жасар бала «ұйқы ауруына» шалдықты

Калачи селосына қонаққа келген 4 жасар бала «ұйқы ауруына» шалдықты

Ақмола облысы Есіл ауданының Калачи селосына қонаққа келген 4 жасар бала ұйқыға кетті.
Бұл туралы аймақ ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

  • 5 Қараша 2014
  • 592
Фото - Caravan.kz

ТЖД мәліметі бойынша, 2010 жылы туылған бала Арыстан Жұмабеков Астанадан Калачидегі әжесінің үйіне келген көрінеді.

Қазанның 3-і күні түнгі сағат 22:50 шамасында өзін жайсыз сезінген бала аудандық ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер балаға бірден түсініксіз этиология энцефалопатиясы деген диагноз қойып отыр. Қазіргі кезде бала дәрігерлердің бақылауына алынып, Есіл аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр.