Сәйкесті заң жобасын өткен жұмада штаттың заң қабылдаушылары мақұлдап, губернаторға қол қоюға жолдады.
"Заңға қол қоятын болармын, өйткені штаттың 50 қаласында ол тыйым күшіне енген, штат деңгейінде енбеген, бұл адамдарды шатастырады", деді ол америкалық теледидар эфирі арқылы.
Заң жобасына орай, дүкендерде 2015 жылдың 1-шілдесінен бастап бір рет пайдалануға арналған полиэтилен пакеттер берілмейді. Оның орнына сауда желілерінде сатып алушыларға қағаз не бағасы 10 цент бірнеше рет пайдалануға арналған пакеттер ұсынылмақ.