Кальян шегудің соңы алапат өртке ұласты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кальян шегудің соңы алапат өртке ұласты

Кальян шегудің соңы алапат өртке ұласты

Қарағандыда төрт бірдей көңіл көтеретін ойын-сауық орталығы өртеніп кетті. Қаладағы түнгі клуб, екі мейрамхана мен кальян шегетін орын бір ғимаратта орналасқан екен.

  • 5 Маусым 2014
  • 295
Фото - Caravan.kz


Куәгерлердің айуынша, от дәл сол кальян тартатын жерде тұтанған. Өрт сөндірушілер келгенше қызыл жалын шатырды шарпыған. Апат түс мезгілінде болғандықтан ас ішуге жиналғандар мен жұмысшылар уақтылы тысқа шығып үлгеріпті. Ешкім зардап шеккен жоқ. Қызыл жалын 2 сағатта әрең ауыздықталған.