«Қамқорлық» КҚ «Қазақстан халқына» ҚҚ-ның арнайы сыйлығымен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 481.84
  • 531.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қамқорлық» КҚ «Қазақстан халқына» ҚҚ-ның арнайы сыйлығымен марапатталды

«Қамқорлық» КҚ «Қазақстан халқына» ҚҚ-ның арнайы сыйлығымен марапатталды

Астанада қайырымдылықты дамытуға және әлеуметтік жобаларды іске асыруға зор үлес қосқан адамдар мен ұйымдарды тану мақсатында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры тағайындаған арнайы сыйлықтарды салтанатты табыстау рәсімі өтті.

  • 2 Қазан
  • 6
Фото - Caravan.kz

Салтанатты іс-шара барысында марапатталған ұйымдардың қатарында «Қамқорлық» корпоративтік қоры да бар. Қор «Инклюзивті қоғамды дамыту» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.

«Қамқорлық» қоры 2019 жылдан бері «Қазақстан халқына», Samruk Kazyna Trust және өңір әкімдіктермен бірлесіп ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалту үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған «Қамқорлық» жобасын жүзеге асырып келеді.

2020 жылдан 2024 жылдың қыркүйегіне дейін 17 оңалту орталығы, 17 ерте араласу орталығы, аутизмі бар балаларға арналған 6 орталық және 16 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды.

Оңалту орталықтарында 3 жастан 18 жасқа дейінгі нейро-ортопедиялық бұзылыстары бар 35 615 бала ем қабылдады. Олардың 2 605-і жүре бастады. 

Ерте араласу орталықтарында 3 айдан 3 жасқа дейінгі 10 426 бала қабылданып, оның 1 238-і алғашқы қадам жасап, жүре бастады. 

Аутизм орталықтарына бүгінде 822 бала барады.

Инклюзивті сыныптардың жұмысының арқасында ерекше білім алу қажеттілігі бар 220 бала үйден оқыту формасынан жалпы білім беру үдерісіне кіріктірілді.