Канар аралы аумағына Испания әскери әуе күштерінің тікұшағы құлады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Канар аралы аумағына Испания әскери әуе күштерінің тікұшағы құлады

Канар аралы аумағына Испания әскери әуе күштерінің тікұшағы құлады

Атлантика мұхитына құлаған испандық әскери әуе күштерінің іздеуші-құтқарушы тікұшағында болған бес адамның төртеуінен хабар жоқ, деп жазуда бейсенбіде испандық "Мундо" газеті.

  • 20 Наурыз 2014
  • 653
Фото - Caravan.kz

Экипаждың бір мүшесі бірден табылды, оның өміріне қауіп төніп отырған жоқ.

Оқиға сәрсенбіде кешке болды. "Супер пума" тікұшағы канарлық Фуэртевентура аралының оңтүстігіндегі Хандия түбегінен оңтүстік-батысқа қарай 46 шақырым жерде құлаған.

Құтқару қызметі тікұшақтың сынықтарын тапты, жоғалып кеткен адамдар іздестірілуде, тергеу басталды.